АймақБасты ақпаратЖаңалықтарСаясатЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕН БОЛҒАН ЗАЛАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген шығын көлемі бүгінгі күнге 7,5 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде 7,2 млрд. теңгеден астамы мемлекетке, қалғаны жеке кәсіпкерлерге келтірілген шығын. Бұл туралы қала әкімінің өкімімен құрылған төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты келтірілген залалды бағалау және қалпына келтіру комиссиясы мәлім етті.

Қазіргі таңда зардап шеккен әкімшілік нысандар бойынша ақау актілері түзіліп, келтірілген залалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккен 8 нысанның 6-ы әкімшілік мемлекеттік ғимараттар.Оның ішінде қалалық әкімдік, «Көрме» орталығы, «Түркістан сарайы» мәдениет үйі, Ж.Шанин атындағы драма театры, мәдениет басқармасы мен балалар кітапханасы және қалалық «Nur Otan» партиясының ғимараты мен екі коммерциялық нысан бар. Қазір партия ғимараты қалпына келтірілуде.

«Көрме» орталығынан басқа барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Толығымен өртке оранып, жарамсыз күйге түскен көрме ғимаратын сүріп, қайта соғу мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ, қалалық Полиция департаментінің зақымданған автокөлік қоры ҚР Ішкі істер министрлігінен қызметтік 63 автокөлікпен жаңартылды.

Бұдан бөлек, залал келтірілген 7 жедел жәрдем көлігі қалпына келтірілген.

Қала аумағында зардап шеккен 200 ге жуық «Сергек» бейнебақылау камераларының бүгінгі күнге 46-ы жөнделген.

Зардап шеккен 23 кәсіпкердің 12-сі мемлекетке қолдау көрсетіп, меншіктерін өз күштерімен қалпына келтіріп отыр. Ондағы шығын көлемі 226,6 млн.теңгені құрайды.

Қалған 11 кәсіпкерлік нысанның залал шығыны анықталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қиын сәтте жеке кәсіпкерлер де өз қолдауларын көрсетуде. Мәселен, зардап шеккен әкімшілік іскерлік орталығы алаңындағы гүлзардың аяқжолдарына демеушілер есебінен брусчаткалар мен гранит тастары, 350 шаршы метр газон төселді, 50 дана спинкер, 4 орындық орнатылды. Қаңтар айының соңына дейін ағаш көшеттерін отырғызу және қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

 

Шымкент қаласы бойынша жағдай тұрақты. Дегенмен, қарулы күштер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әскерилер үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР ТАЗАЛАНУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *