ЖаңалықтарҚоғам

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесуде компания басшылары зиян келтірілген нысандарды қайта қалыпқа келтіруге ерікті түрде көмек көрсету жөнінде ұсыныстарын білдірді. Қала әкімі осындай сын сағатта қала өмірі үшін алаңдап жатқан кәсіпкерлерге өзінің алғысын айтты.

— Еліміз қиын кезеңді бастан өткеруде. Мемлекет ішіне іріткі салып, тәуелсіздігімізді талқандамақ болды. Президентіміздің қабылдаған шұғыл шешімдерінің арқасында еліміз қайта қалыпты өміріне оралуда. Өздеріңізге белгілі, лаңкестерден ауыр зардап көрген өңірлер қатарында Шымкент те бар. Бұзақылар әкімдіктен бастап әлеуметтік-мәдени нысандарды қиратты. Десек те, арандатушыларға ермей қаланы талқандауға қарсы шыққан шымкенттіктер де болды. Тұрғындарды сабырға шақырып, бұзақыларға ермеуге үндейтін ерікті жасақтар құрылып жатыр. Сіздердің де көмек көрсетейік деген ниеттеріңіз қуантарлық. Осылайша қиын кезеңді бірге жеңеміз деп сенемін, — деді М.Әйтенов. Еске сала өтсек, Шымкентте орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде Шымкент қаласы әкімінің аппараты, «Көрме» орталығы толығымен өртке оранды, Түркістан сарайы, Ж.Шанин атындағы театр, Әл-Фараби атындағы кітапхана, Қаратау аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимараты және 10 кәсіпкерлік нысанға («BI group» сату бөлімі мен арнайы техникасына, «Metro» ауда орталығы, «T-bus» автобусы, «Бақыт» СҮ, «Додо пицца», Тез.маркет, ұялы телефон бұйымдары дүкені, қонақүй заттары, кондитер өнімдері, халық және каспий банктерінің банкоматы, «Актив Ломбард») түрлі деңгейде зиян келді. Қала әкімі баяндағандай, қираған дүние-мүліктің шығын көлемі 10 күн ішінде есептеліп, арнайы комиссияға ұсынылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ 7 БЛОК-БЕКЕТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Алдыңғы

Шымкент қаласын тазарту жұмыстары жүргізілуде

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *