Басты ақпаратЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 7 БЛОК-БЕКЕТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Шымкент гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Исламбек Қалдыбеков мәлімдеді.

– Қазіргі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мыңға жуық әскери қызметкері Ұлттық гвардия және полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге Шымкенттегі аса маңызды нысандарды күзетуде. Мобильді жасақ қаладағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, блок-бекеттерде өткізу-бақылау қызметтерін атқаруда, – дейді маман. Бұл блок-бекеттер қаладан шығатын 7 нүктеге орнатылған, онда Ұлттық гвардия, әскерилер және полиция қызметкерлері бірге кезекшілікте тұр. Блок-бекеттерде осы уақытқа дейін 7000-нан астам автокөлік тексерілген.

БАҒА ТУРАЛЫ

Алдыңғы

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *