Жаңалықтар

НЕСИЕ МЕН ИПОТЕКАЛЫҚ ТӨЛЕМДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНБАЙДЫ

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты азаматтарға несие мен ипотекалық қарыз төлемін мерзімінен кешіктіргені үшін айыппұл салынбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Баяндамада елімізде орын алған оқиғаға орай төтенше жағдай кезінде (5-19 қаңтар) банк несиелерінің төлемін жүзеге асыруда ешқандай айыппұл мен өсімпұлдар қарастырылмайтыны айтылған. Өз кезегінде осы тектес мәлімдемелерді қазақстандық екінші деңгейлі «Отбасы банкі», «Халық банкі», «Еуразиялық банк», «Банк Центр Кредит», «Алтын банк», «Хоум Кредит», «Альфа Банк», Kaspi және Forte секілді банктер жасады. Сол себепті, банктен қарыз алғандардың алаңдамауына болады.  Сондай-ақ аталмыш қаржы ұйымдары ипотекалық төлемдер бойынша да осындай шаралар қабылданғанын жеткізді.

Айта кету керек, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шымкент қаласының кейбір сауда нүктелері мен қоғамдық орындарындағы банкоматтар қиратылған болатын. Дегенмен тұрғындардың біразы банкомат қызметін пайдаланып үлгерді.

Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ресми мәліметке сәйкес, екінші деңгейлі банк филиалдары қаңтардың онынан бастап жұмыстарына қайта кіріспек. Өз кезегінде жауапты органдар қолма-қол ақша операцияларында ешқандай мәселе туындамайтынына сенім білдірді. Сондықтан билік өкілдері халықты сабырға шақырып, алаңдауға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Алдыңғы

ХҚКО ЖҰМЫСЫ ИНТЕРНЕТ ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛГЕН СОҢ БАСТАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *