ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» аясында еңбекке сүйіспеншілікті дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыруға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер (инфографикалар) әзірлеу жобасы ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы аясында өткен сында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының кәсіпкері Қанатбек Сәбденбеков жеңімпаз атанды.
Жобаның мақсаты – 30 жылда әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлығы мен ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті ояту. Байқауға білім беру, ғылым, медицина, мәдениет, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп еңбек салалары бойынша үміткерлер қатысты.
Тұлғалар өздерінің кәсіби біліктілігі, жетістік сыры, өмірбаяны және жетістіктіктері туралы жазбаларын «Ruh.kz» порталының @ruh_qz Instagram парақшасында жариялады.
Олардың арасынан адал еңбегімен қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізіп, түрлі қиындықтарға мойымай, жетістікке жеткен 30 тұлға іріктеліп алынды. Олардың арасында Түркістан облысының еңбекқор азаматы, мал шаруашылығында қажырлы еңбек етіп, ел алғысын алған кәсіпкер Қанатбек Сәбденбеков те бар. Жеңімпаз кәсіпкер «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» тарапынан жіберілген алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Comments