АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ӨРТ ДЕР КЕЗІНДЕ СӨНДІРІЛДІ

15 желтоқсан күні сағат 00:33-те Еңбекші ауданы, Жібек Жолы көшесінде орналасқан «Альянс» ЖШС сауда қатарының аумағында өрт шыққаны туралы төтенше жағдайлар бөліміне хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ішінде сантехника және құрылыс заттары бар 2 сауда қатарының жанғандығын анықтады. Өрт сағат 00:50-де оқшауланып, сағат 01:30-да толығымен сөндірілді.
Өрт жалпы 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі және материалдық шығыны анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 32 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ҚОСЫМША БАҒЫТ ҚОСЫЛДЫ

Алдыңғы

БИЫЛ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 27 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *