АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСпорт

БИЫЛ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 27 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Әл-Фараби ауданында 25 спорт алаңшасы және 27 аула абаттандырылып, кезең-кезеңімен халық игілігіне берілуде.
Бүгін ауданға қарасты Отырар шағынауданындағы №42, 51 үйлердің және Адырбеков көшесіндегі № 4 үйдің ауласы толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Аулаларда ересектер мен балаларға спортпен айналысып, демалуға мүмкіндік жасалды. Онда балалар және спорт алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған.
Айта кетейік, қыркүйек айында 9 аула толығымен абаттандырылды. Қалған 18 аулада көріктендіру жұмыстары 16 желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталып, тұрғындар игілігіне тапсырылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ӨРТ ДЕР КЕЗІНДЕ СӨНДІРІЛДІ

Алдыңғы

«ХІІІ ғасырға тән ақша түрлері» атты каталог жарыққа шықты.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *