Шымкентте 28 қазан күні коронавирус жұқтырған 34 жағдай тіркелді. Науқастардың 19-ы инфекциялық стационарға жатқызылып, 15 адам үй бақылауына алынды. Бүгінде инфекциялық стационарларда барлығы 913 орын әзірленген, төсек-орын толымдығы 29%-ды құрап отыр. Соңғы мәліметке сәйкес, бір тәулік ішінде 3421 адам вакцина алды. (I компонент-1304, II компонент-2117). Егу науқаны басталғалы барлығы 547 675 адам вакцинацияланды, оның ішінде 511 478 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Comments