АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамТехнологияЭкономика

ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ БІР АЙДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласына келуші қонақтар мен қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі — Туристік полиция қызметі. Туристік полицияның басты міндеті туристерге құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Тәртіп сақшылары сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін үш ауысыммен қызмет көрсетеді. Арбат, Орталық саябақ, Наурыз алаңы, Қошқар ата өзенінің жағалауы сияқты туристер көптеп кездесетін орындарда жүреді.  Егер турист өз құжаттарын жоғалтса немесе қандай да бір оқиға орын алса полиция қызметкерлері көмек көрсетеді. Сондай-ақ, тұрғындар мен келген туристерге қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер мен ақпараттар береді. Шетелдіктер мен инвесторларды тарту үшін шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету қызметін атқарады. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолайлы инвестициялық климаттың орнауына оң әсерін тигізеді. Туристік полицияның қызметіне соңғы бір ай ішінде 1000-ға жуық азамат жүгінген.  Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталған. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін және еліміздің тарихын жетік меңгерген. Қызметте адамдармен тез тіл табыса білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болу сынды қабілеттерге ие болуы маңызды.

ДІНИ КОНФЕССИЯ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ СЕГІЗ АЙДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 32,5 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *