Жаңалықтар

Мәңгілік елдің тұғыры

Жыл артынан жыл өтіп, уақыт шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді, міне, дауыл тербеген теңіздей буырқанып, жолындағысының бәрін ырғалта шайқалтып сол бір қастерлі де, қасіретті күндерден бергі 30 жыл да тарих қойнауына тартып барады.
Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар қойнауындағы ұлы тарихтың бір елесі. Тәуелсіздікке жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз.
Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өтті. Бабалар арманы — ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік — таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан, құдіретті сөз. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көк байрағы желбіреп, биіктей түсті. Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді.
Өзге елде Туымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды Гимніміз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды. Қиыншылықты артқа тастап, бейбіт күннің де ақ таңы арайлап атты. Жарқын болашаққа қадам басып келе жатқан халқымыз үшін тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін.
«Тәуелсіздік» деген қазақ халқы үшін қымбат, әрі киелі ұғым болып қала бермек! Әрқайсысымыздың жүрегіміз елім, жерім деп соғады. Олай болса, елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін білімді, білікті болып еңбектенуге барлығымыз міндеттіміз. Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін.

Шымкент қаласы мәлихаттың депутаты

Қайрат Сулейменов Мұсаханұлы

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ  ЕКПЕ ҚАБЫЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *