ЖаңалықтарҚоғам

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ НАСИХАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы 5 бастама мен 7 бағыттан тұрады. Ел басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты талқылау мақсатында Әл-Фараби ауданы активі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ы қызметкерлерімен мәжіліс өткізді. Жиында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің проректоры Сәкен Мәжінбеков пен ОҚМПУ-нің аға оқытушысы Бахадыр Айтай Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, баяндама жасады.  Сәкен Аралбайұлы Жолдаудың ауылшаруашылық, сапалы білім және ғылым тармақтарына, тіл мәселесіне тоқталып өтті.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырды. Себебі елімізде жыл сайын шамамен 421 мың бала дүниеге келеді. Оның 27-30 пайызы – Оңтүстікте. Сонымен қатар білім беру ошақтарында білім сапасының жоғары деңгейде болуын, оқушылардың ғылыммен айналысуы үшін жағдай жасалуын қадап айтты. Келесі бағыт — тіл мәселесі. Елімізде қазақ тілінің ұлтаралық қатынас ретінде пайдаланылуын, ал орыс тілінің қатар жүруі болашақ ұрпақтың көп тілді меңгеру саясатымен байланысты екенін жеткізді». Ал Бахадыр Сатыбалдыұлы денсаулық сақтау, су тапшылығы, ең төменгі жалақының айтарлықтай өсуі туралы мәселелер бойынша айтып өтті.
Аудан әкімі Рашид Мыңбаев жиын соңында қатысушылар мен баяндамашыларға алғысын білдіріп, мәжілісті қорытындылады.  «Әл-Фараби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бар күш-қайратымызды жұмсаймыз. Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын насихаттауға бір кісідей атсалысуымыз қажет. Президенттің тапсырмаларын ынтымақ пен бірліктің арқасында жүзеге асыратынымызға кәміл сенемін!», — деді аудан әкімі.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ҮКІМЕТТІК ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Алдыңғы

Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында кездесу өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *