ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ЕКПЕ ҚАБЫЛДАДЫ

    Бүгінгі таңда қаламыздағы эпедемиологиялық ахуалдың тұрақталып келе жатқанын байқаймыз. Шымкентте 8 қыркүйек күні КВИ-дің 150 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 116, белгілері жоқ – 34). 86 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 64 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 500 орын бар, төсек орын толымдығы 40%-ды құрайды, 1476 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1024 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 446 төсек орын бар, 194 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 4698 адам вакцина алды (I компонент-2624, II компонент-2074). Егу науқаны басталғалы барлығы 449 073 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 379 639 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ соңғы тәулікте 358 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Вакцина қабылдап, өміріңізді сақтаңыз. Екпе алу – қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз жолы екенін ұмытпайық! Қалыпты өмірге қайта оралайық!

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Алдыңғы

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *