АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауларында бұқаралық спортты дамытып, ел азаматтарының спортпен айналысуына толыққанды жағдай жасау тапсырылған болатын.  Үшінші мегаполис атанған біздің шырайлы қаламызда спорт саласында ауыз толтырып айтарлық жеткен жетістіктеріміз жетерлік. Қала тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуда ауқымды жобалардың жүзеге асып жатқанын зор мақтанышпен айтуға болады. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Қалмұхамедұлы Тұманбаев Аралас жекпе-жектен Украина елінің Киев қаласында өткен Әлем чемпионатының Чемпиондарын және Алматы облысында Қол күрес спорт түрінен өткен Азия чемпионатында жүлделі орындардан көрінген спортшыларды қабылдап өз алғысын білдірді. Бауыржан Қалмұхамедұлы өз кезегінде спортшымызға ел намысы сынға түскен сәтте намысты қолдан бермей тек жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектес екенін білдірді. 17.11-24.11 күндер аралығында Грузия елінің Батуми қаласында Қол күрестен өтетін Әлем чемпионатында байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын  спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ЕКПЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *