АймақЖаңалықтарҚоғамСаясат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы кезектен тыс педагогикалық кеңестің отырысында талқыланды.Жолдау туралы мектеп ұстаздары өз пікірлерімен бөлісті.Президент жолдауы халыққа тың серпін мен құлшыныс берері сөзсіз.  Мектеп директоры Ибраева Радагуль Махмудханқызы барша ұстаздар қауымына Мемлекет басшының білім күні қарсаңында халыққа арнаған жолдауы  ұстаздар қауымы үшін ерекше серпін бергенін, еліміздің болашағы білімді ұрпақтарды тәрбиелеуде толайым табыстарға жете беруге тілек білдірді. Өз кезегінде ұстаздар қауымына Мемлекет басшының «Залық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің негізі» атты  халыққа арнаған  жолдауын ұстаздар қауымы қолдайтынын, әрі оны жүзеге асыру барысында жұмыс жасайтындарын жеткізді.  Ел Президентінің жолдауы еліміз үшін маңызды құжат деп білеміз дейді ұстаздар қауымы.

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР КӨБЕЙЕ ТҮСУДЕ

Алдыңғы

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕСІ МОЛ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *