АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР КӨБЕЙЕ ТҮСУДЕ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға барынша көңіл бөлу керек екеніне тоқталған болатын. Өйткені, спорт – денсаулық кепілі. Ал әрбір дені сау жас ұрпақтың  өмірге де, оқуға да, еңбекке де құлшынысы жоғары болатыны аян. Осыған орай үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласында бұқаралық спортты, оның ішінде балаларға арналған спорттық нысандарды дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Мәселен, былтыр Сайрам тұрғын алабындағы нөмірі 12 спорт мектебі жанынан қосымша ғимарат салынса, биыл қаладағы нөмірі 20 спорт мектебінің құрылысы басталады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтті. Сондай-ақ нөмірі 15 спорт мектебінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттамасы үшін байқау жарияланды.Бұл құрылыстарды жүргізуді  Шымкент қалалық құрылыс басқармасы іске асыратын болады. Сондай-ақ,  мегаполистегі «Металлург» стадионы да қайта жаңғыртылуда. Оның құрылысы былтыр басталып, қалалық бюджеттен бөлінген қаржыға жүргізілуде. Міне, мұның бәрі болашақта жастарымыздың өз денсаулығын жақсартумен айналысуына мүмкіндік берумен қатар, спорттың түрлі саласында чемпиондардың көптеп шығуына да ықпалын тигізетіні анық.

ШЫМКЕНТ ТУРИСТЕРГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ТОП 10-ҒА ЕНДІ

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *