АймақБасты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ 8114 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫ ASHYQ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласында бүгінде 45 бекетте вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.  Егу науқаны басталғалы барлығы 419 934 адам вакциналанды. Оның ішінде 352 329 адам вакцинаның екі компонентін алды. Бүгінде медициналық қызметкерлерді вакциналау 100 пайыз, құқық қорғау қызметкерлерін 100, мұғалімдер 180, созылмалы аурулары бар азаматтар 61,1, студенттерді вакциналау 166 пайызға орындалды. Азаматтарға вакцинаның Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде.  Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілген болатын. Бизнес субьектілеріне келушілердің мәртебесін анықтау барысында «қызыл» және «сары» мәртебелі азаматтар анықталды.  Шаһарда ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8114-ке жетті. Қазіргі кезде 441 тұрғыннан «сары» статус, 863 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр. Сондай-ақ, 21-27 тамыз аралығында қалада 2546 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 79 карантиндік талаптарды бұзу фактілері тіркелген. Қала тұрғындарының әліде болса сақтық шараларын сақтап, екпе алуға шақырады. 

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫ 1 ЖЫЛ ІШІНДЕ 9500-ДЕН АСТАМ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Алдыңғы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ КЕРЕУЕТТЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *