АймақЖаңалықтарҚоғамТехнологияЭкономика

КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында елдегі кәсіпкерлік саланы дамытып, инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға басымдық берген болатын. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы және бақша өнімдерінің көлемін арттыру да көзделген. Бұл орайда  шырайлы қаламыздағы  «KARLSKRONA FD IC» ЖШС зауытында көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін өңделген және ашық топыраққа отырғызу бойынша аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасының конструкциясын енгізу және көбейту жобасы іске асырылуда. Онда отандық рпм-2kz үлгісі қолданылып жатыр.
Жобаның мақсаты – қаладағы агроөнеркәсіптік кешендердегі фермерлік шаруашылықтарды іске асыру үшін РПМ-2kz үлгісіндегі көшет отырғызу машинасының өнеркәсіптік үлгілерін және шағын сериялы өндірісін құру арқылы көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі мен түсімділігін арттыру.
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, РПМ-2 KZ шағын сериялы өндірісі көкөніс-бақша кластерінің егіс егу және отырғызу бойынша ауыл шаруашылық машиналарына сұранысты арттыруға, ауыл шаруашылық техникаларын импорттауды алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жалдамалы жұмысшылар саны мен уақыт қысқарып, шығын көлемі азаятын болады.  Көкөніс шаруашылығында көшет отырғызу машинасын енгізу және дамыту нәтижесінде көкөніс-бақша шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,5-3 есеге артады. Егіс алаңы екі есе ұлғайып, 4-5 мың гектарға жетеді деп күтілуде. Ел игілігі үшін жұмыс жасайтын жобалардың жүзеге аса беруіне тілектеспіз. 

ШЫМКЕНТ АРХИВІ  ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛУДЕ 

Алдыңғы

КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *