АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТАЛА БАСТАДЫ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал өткен апталара күрделеніп,  тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарға алынған болатын. Аталған аурумен күресте алдыңғы шепте сап түзеп күресіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегіне ерекше құрметпен қарап, бас иеміз.  Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 62%-ды құрайды, 1428 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2352 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 293 науқас ем қабылдауда.  Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 454 нысанға тексеру жүргізген болса, оның 13-нде карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды. Бір тәулік ішінде қалада 1758 адам вакцина алды (I компонент-712, II компонент-1046). Егу науқаны басталғалы барлығы 411 877 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 341 021 адам вакцинаның екі компонентін алды.  Қала тұрғындарының назарына! Пандемияны жеңудің жалғыз жолы, ол – вакцина. Екпе ал, еркін өмір сүр!

БАҚТЫГҮЛ АУДАНОВА: ТАҒДЫРДЫҢ ӨЗІ ТӘРБИЕШІ

Алдыңғы

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОР ЖЕМІС ПЕН КӨКӨНІСТІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН САЛУҒА НИЕТ БІЛДІРІП ОТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *