АймақБасты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТКЕ VERO CELL ВАКЦИНАСЫНЫҢ 40 МЫҢ ДОЗАСЫ ӘКЕЛІНГЕН

Үшінші мегаполис тұрғындарына COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған немесе инактивирленген (Sinopharm-ҚХР) Vero Cell вакцинасын қолдану басталды. Шаһарға бесінші вакцинаның 40 мың дозасы жеткізілген. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
Шаһардың бас дәрігерінің айтуынша, 536 мың адамды вакцинациялау көзделген. Бүгінгі таңда 406044 тұрғын қолданыстағы вакциналардың бірінші компонентін алған. Ал коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің екінші компонентін алғандар саны – 333479 адам. Осы кезеңде «Sputnik V», «КазВак», «Hayat Vax», «КоронаВак» (Синовак) вакциналарының екінші компонентімен 62,2% адам егілді. Оның ішінде қауіпті топтарға жататын медицина қызметкерлерінің 95,5%, мұғалімдер мен тәрбиешілер және барлық күш құрылымдарының қызметкерлерінің 100% жуығы 1-компонентпен қамтылған. Бақытжан Жолдасбекұлы қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатқанын атап өтті.
– COVID-19 инфекциясымен 18 тамызда 418 жағдай тіркелді. Оның ішінде симптоммен — 341, симптомсыз-77. Кәмелетке толмағандар арасында 93 (22,2%) құрап отыр. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі 82 (88,2%) бала бар. 265 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 153 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 60%-ды құрайды, 1560 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2370 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 393 науқас ем қабылдауда. Бір тәулікте 3312 адамнан ПТР сынамасы алынды. Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – екпе алу, сондықтан баршаңызды екпе салдыруға шақырамыз. Емханалардағы екпе егу бекеттері аптаның барлық күнінде таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеп жатыр, — деді спикер.
Ал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев «Ashyq» жобасына 4603 нысан енгенін баяндады.
– «Ashyq» жобасына қатысушы нысандарға барып QR-коды арқылы «қызыл» және «сары» статуспен анықталған жеке тұлғалар бойынша 1033 хабарлама түсті. Шымкент қаласы бойынша анықталғаны 919, соның 524-і «қызыл» және 395-і «сары» статуспен анықталған. «Қызыл» және «сары» статуспен анықталған тұлғаларға 14-күндік үй карантинін сақтаулары керектігі туралы хабарлама беріліп, «сары» статуспен анықталған тұлғаларға санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды орындаулары туралы 317 қаулы шығарылды, — деді қаланың бас санитариялық дәрігері.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 400 БАЛА АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІГІН ҮЙРЕНЕДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БЕКЕТТЕРІ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *