АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

 

    Шахмат ойыны — спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Үлкен шыдамдылықты, шығармашылықты, ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап етеді. Осынау ойынды оқушылар арасында кең көлемде насихаттап, балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, ой өрісін дамытуға үлкен септігін тигізетін шахмат үйірмесінің жұмысы жанданып келеді.   Қаламыздағы «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорымен бірлесіп жасалған меморандум шеңберінде балаларға арналып ашылған шахмат үйірмесінің жұмысы тиімді жолға қойылып келеді.   Мақсат — мектеп жасындағы балалардың интернетте өткізетін уақыттарын пайдалы үйірмеге бағыттау, балалардың дамуына жағдай жасау.  Шахмат үйірмесінде  балаларды жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа 10 баладан жазылып, бүгін 9 тамыз күні алғашы сабақ басталып кетті. Курс сабақтары аптасына 3 күн 1 сағаттан, Әл-Фараби алаңы, 3/2 ғимараттында орналасқанын оқырмандардың назарына жеткізгіміз келеді.   Сонымен қатар аптасына үш рет өтетін тоғызқұмалақ үйірмесіне жазылу мүмкіндігі де бар. 

«АШЫҚ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ 

Алдыңғы

КАРАНТИН ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *