ЖаңалықтарҚоғамСпорт

БАЛАЛАРҒА ФУТБОЛ ЖӘНЕ КАРАТЭ ҮЙІРМЕЛЕРІ АШЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортты дамытып,  салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды атқаруды тапсырған болатын.  Үшінші мегаполисте бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асып,  спорт саласын дамытуда игі шаралар атқарылып келеді.  Осындай жұмыстардың бірі қаламыздағы  «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорымен бірлесіп жасалған меморандум шеңберінде көпбалалы отбасыларға қолдау ретінде балаларға арнап футбол және каратэ үйірмелеріне жолдама беруді бастады. Аталған үйірмелер қаламыздағы бірнеше мектептердің базасында ұйымдастырылады. Осы үйірмелерге ұл-қыздарын қатыстырам деуші ата-аналар Орталықтың Әл-Фараби алаңы, 3/2 орналасқан ғимаратына келіп, тіркеліп арнайы жолдама алуы қажет.   Спорт денсаулық кепілі. Жастарымызға салауатты өмір салтын насихаттап, олардың спортпен тұрақты түрде айналысуына жағдай жасалып, салауатты, дені сау ұрпақтың өсуі еліміздің өркендеуінің негізі екенін ұмытпағанымыз абзал. Шырайлы қаламыздың жастары байрақты бәсекелерде биік белестерді бағындыра бергей.

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР КӘСІПОРЫН АШЫЛМАҚ

Алдыңғы

«АСЫЛ ЖҮРЕК» ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *