ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

«АСЫЛ ЖҮРЕК» ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қызметіне жақында келген Балмаржан Нарбекова қаламыздағы «Асыл Жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
«Асыл Жүрек» орталығы – зейнет жасына жеткен тұрғындарға жартылай стационарлық жағдайында қызмет көрсететін орталық. Ол Шымкент қаласы  әкімдігінің қолдауымен 2019 жылы шілде айында ашылған болатын. Мұнда дәрігерлер зейнеткерлерге тегін ем жасайды.  Қазіргі таңда қала бойынша 82821 зейнеткер болса, оның 20-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 3153-і тыл ардагері.
Орталықтың басты мақсаты – азаматтарға денсаулық жағдайына байланысты белсенді өмір сүруді қалыптастыру. Онда 150-ден аса келушіге қызметкерлер қызмет көрсетеді. «Асыл Жүрек» орталығына келуші азаматтар мен азаматшаларға массаж, физтерапия, дәрігерлердің кеңестері, спортпен шұғылдану, шахмат, компьютерлік сауаттылығын арттыру, құқықтық және психологиялық қызметтер көрсетуде жоғары бірінші санатты дәрігерлердің еңбегі зор. Осылайша демалысқа шыққан еңбек ардагерлері мұнда жиі келіп, түрлі мәдени іс-шараларды да тамашалайды.

БАЛАЛАРҒА ФУТБОЛ ЖӘНЕ КАРАТЭ ҮЙІРМЕЛЕРІ АШЫЛУДА

Алдыңғы

МОБИЛОГРАФТАР АРАСЫНДА ӨТКЕН БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *