Басты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТКЕ АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ КЕЛДІ

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арнайы іс-сапармен келді. Денсаулық сақтау министрі қаладағы халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының Call орталығының жұмыс барысымен  танысты. Орталықта бір ауысымда 30 диспетчер жұмыс істейтіні туралы мәлімет берілді. «Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланысты қазір жедел жәрдем қызметіне күніне 5000-ға жуық қоңырау келіп түсуде» — дейді орталықтың бас дәрігері Г. Құрманбекова. Соған қарамастан жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.  Орталықтың жай-күймен танысқан министр Алексей Цой пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, өз алғысын білдірді.  Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі «Медикер» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралап шыққан министр оңалту емін алып жатқан науқастардың жағдайын көріп шықты.

ШЫМКЕНТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАХМАТ АСТАНАСЫ

Алдыңғы

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРІ №3 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *