ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРІ №3 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Речпубликасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке келген қызметтік сапары барысында №3 қалалық емхананың жұмыс барысымен  танысты. Алексей Цой алдымен емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттерін тексеріп, вакцинациялау жұмыстарының барысын көрді.  №3 қалалық емханада алғашқылардың бірі болып екпе егу кабинеті ашылған еді. Мұнда күніне 500-ден аса адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады.  Сондай-ақ, министр емхана жанынан құралған мобильді бригадалар жұмысымен де танысты. Мобильді топ қызметкерлері емханада тіркелген науқастарға үй жағдайында амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді.  Емхананың бас дәрігерімен сұқбаттасқан Алексей Цой науқастарға көрсетілетін қызметтер емхана деңгейінде күшейтілсе, ауруханаға түсетін пациенттер санын азайтуға болатынын айтып, мобильді бригадалар санын көбейтуді тапсырды.  Қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделенген тұсында дәрігерлер қауымының еңбегі ерен. Адам жанының арашасы болатын ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.  Жақыныңа жанашыр бол!

 

ШЫМКЕНТКЕ АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ КЕЛДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *