ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ҚАЛАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ЕМХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Вакцинация жасаудың негізгі мақсаты адам ағзасына вакцинаны енгізгеннен кейін имунитеттің қалыптасуы, микроорганизмдердің антиденелеріне реакциясын қосу болып табылады. Микроптың адам ағзасына енгізгеннен кейін ауру қоздырғыштарын жоятын-антиденелер пайда болады. Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғындары вакцинаны көптеп салдыруда. Екпе жеке адамның өз денсаулығы үшін ғана емес, отбасы мен қоғам саулығы үшін аса қажет.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан қаладағы орталық емханаға арнайы барып, емхана жұмысымен танысты.  Қаланың бас дәрігері емханадағы мобильді бригадалар және вакцинациялау жұмыс барысын аралап көрді.  Айта кетейік, ковидке қарсы вакцина екі компоненттен тұрады. Себебі аурудан тиісті деңгейде толық қорғану үшін екі доза жасату қажет. Клиникалық сынақтарда бір реттік дозаның тиімділігі қандай екені анықталмаған. Сондықтан қаланың бас дәрігері екпе салдыртуға келген тұрғындарға екінші компонентті вакцинаны дер кезінде алуға шақырды.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Алдыңғы

 ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСҚАН АУМАҚТАРДА 12 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *