Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Шымкент қаласында қазіргі таңда індеттен туындаған қиындықтарға қарамастан, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қала экономикасында оң даму динамикасы қалыптасып отыр.  Экономиканы құрайтын негізгі көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етіліп, күрделі кезеңде халықтың табысын сақтап, оның әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттер табысты іске асырылуда.  Атап айтар болсақ, биылғы қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласындағы өндіріс орындарында 355 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артты. Ал ауылшаруашылығы саласында өсім 2,1 пайыз болып, өнідірілген өнім көлемі 17,2 млрд. теңге болды.
Шымкент инвестиция тартудан да алдыңғы орындарда. Бірінші жартыжылдықта қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 131,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстары 50,1 млрд. теңгеге жетіп, 15,6 пайыз өсімді көрсетті. Ал бөлшек сауданың үлесі 198, 5 млрд теңгені құрап, 9,6 пайызға артса, тұрғын үй 276,3 млрд теңге болып, 1,9 пайызға өсті.     Қала аумағында әрекет ететін 3 өндірістік аймақта 110 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп, 7680 тұрақты жұмыс орындары ашылған. Есепті кезеңде осы аймақтарда құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, жаңа 274 жұмыс орны ашылды.
Шымкент қаласында кәсіпкерлікті де қолдауға басымдық беріліп отыр. Соның нәтижесінде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына бағытталған қаржы көлемі биылғы алты айда екі есе ұлғайып, 7 млрд. теңгеге жетті. Есепті кезеңде 931 жобаға 2,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетіліп, тұрғындар арасында кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік берілді.

ФУТБОЛДАН ҚЫЗДАР ЛИГАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ТОП ЖАРДЫ

Алдыңғы

ҚАЛАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ЕМХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *