Шымкент қаласы туристік әлеуеті дамып келе жатқар шырайлы шаһар. Қаламыздағы туристік ақпараттық орталығының бастамасымен «Бақытты қалаға бір билет» акция ұйымдастырылып, нәтижесінде Айдана есімді үміткер ұтып алып, әуе билетімен Шымкентке ұшып келіп, бір күнін қаламыздағы ең керемет «Rixos_Khadisha» қонақүйінде өткізді. Кешкі асты мегаполистегі талғамы мен тағамы ерекше «SANDYQ» мейрамханасынан ішіп, Шымқаланың басты туристік нысандарын «RollsRoyce» көлігімен аралады. Мұндай бақыт оған «Visit_Shymkent» туристік ақпараттық орталығының өзге аймақ тұрғындарына арналған «Бақытты қалаға бір билет» байқауы арқылы бұйырған.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, екі баланың анасы – Айдана Үсенова байқаудың барлық талап-ережелерін орындап тікелей_эфир арқылы 500 қатысушының ішінен жеңімпаз атанды. Шымкент қаласының туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау мақсатындағы байқауға сіз де қатысып, жеңімпаз болуыңыз әбден мүмкін. Әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын оятқан байқаудан қалыс қалмаңыз
Comments