за
Қазақстан Республикасының президенті Қ. Ж. Тоқаев өз жолдауында жастарды спортқа көптеп баулу мәселесін айтқан болатын. Бұл күнде
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Жолдауыңызда жастарды спортқа көптеп баулу мәселесін айтқан болатынсыз. Қалада 890 спорт нысаны бар. Бұқаралық спортпен тұрғындардың 31 пайызы қамтылған. Биыл қаланың шалғай елді мекендерінде 115 әмбебап спорт алаңшалары салынады. 4 мыңнан астам бала спорт үйірмелерімен қамтылды»,-деді әкім. Бұдан бөлек, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер бойынша 101 аула жаңартылк жоспарлануда. Нәтижесінде көрсеткіш жоғары көрсеткішке жеткізілетін болады. Алдағы уақытта қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын тілге тиек етті. Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек!.
Comments