ЖаңалықтарТехнологияЭкономика

ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨЛКЕ

   Бүгін  Шымкент қалсында  Елорда күні мерекесі қарсаңында  қала аумағындағы индустриялық аймақта орналасқан кәсіпорындар ашылып, өз жұмыстарын бастады.  Онлайн форматта тұсауы кесілген кәсіпкерлік нысандарының бірі — дөңгелектер, бақша арбалары және баспалдақтар өндіретін «TABA INDUSTRIAL» жауапкерілігі шектеулі серіктестігі.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта  кәсіпорынның қызметкерлерімен байланыс орнатып, аталған кәсіпкерлік нысанның салтанатты  түрде тұсауын кесті.
   «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорынға  498,8 млн теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.  Жоба жылына 150 000 дана дөңгелек, 300 000 дана бақша арбасы, 60 000 дана баспалдақ шығаратын болады.  Өндіріс «Тассай» индустриялық аймағында 0,6 гектар аумақта орналасқан.
Бүгінде «Тассай» индустриялық аймақта жалпы құны 28,1 млрд теңге құрайтын 18 жоба іске асырылып, онда 800-ге жуық жұмыс орындары ашылып жатыр.  Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген.
Бұдан бөлек,  бүгінгі мереке қарсаңында  «SAGITEX GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  киім өнімдерін шығаратын фабрика іске қосылды.  Аталған жобаға 337 млн теңге инвестиция тартылған. Жоба жылына 400 000 дана іш киім өнімдерін тігіп, сатылымға шығаратын болады. Өндіріске «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 1 гектар жер берілді. 11 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бүгінде 2293 жаңа жұмыс орнымен 26 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 12 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосып, 290 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
   Жыл соңына дейін  қаламызда тағы да қосымша 70 жаңа жұмыс орнымен 2 инвестициялық жоба іске қосылатын болады. Үшінші мегаполистің өндірісі өркендеп,  инвестиция көлемі жылдан-жылға артып келеді.

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» — ЖЫЛДЫҢ ЕҢ СӘТТІ СПОРТ ДОДАСЫ БОЛДЫ

Алдыңғы

РОМАН АГАЛАКОВ ПАРАЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *