Қоғам

Елге еңбегімен танылған азамат

Сыздықов Құралбай 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Шеңгелді ауылында дүниеге келді.
1948 жылы Ташкент қаласындағы қаржы-экономикалық институтына оқуға түсті.
1952-1958 жылдары Жамбыл, Шымкент облыстарында қаржы саласында еңбек етті.
1956 жылдан СОКП мүшесі.
1958-1960 жылдары Шымкент облыстық комитетінің ауылшаруашылық бөлімінде нұсқаушы.
1960-1963 жылдары Шымкент облысы, Ленин ауданының «Күйік» совхозында партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды.
1963 жылы Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы.
1965-1970 жылдары Сарыағаш аудандық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төраға орынбасары.
1970-1973 жылдары Шымкент облысы атқару комитетінің баға жөніндегі бөлім меңгерушісі.
1973-1980 жылдары Киров аудандық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
1980-1984 жылдары Бөген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Сыздықов Құралбай «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қаз ССР Жоғары Кеңесінің Грамотасымен, В.И.Лениннің туылғанына 100 жыл толуына байланысты медальдарымен тағы да басқа медальдармен марапатталды.
Сыздықов Құралбайдың елге еткен еңбегі бағаланып Шымкент қаласындағы орталық үлкен көшесіне және № 6 емхана жанындағы үлкен көшеге аты берілген.

1981 жыл. Егіс алқабында.
Солдан оңға қарай: Бөген аудандық партия комитетінің хатшысы Қ.Сыздықов, озат комбайнер Ұ.Ақмолдаева, Қазақстан Компартиясының 1 хатшысы Д.А.Қонаев, Шымкент облыстық партия комитетінің 1 хатшысы А.Асқаров.

Солдан оңға қарай: Аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары Р.Әзімбаев, Қажымұқан атындағы кеңшардың директоры Н.Қорғанбаев, кеңшар бригадирі Ұ.Бейсенов, Бөген аудандық партия комитетінің 1 хатшысы Қ.Сыздықов. Қазақстан Компартиясының 1 хатшысы Д.А.Қонаев, Шымкент облыстық партия комитетінің 1 хатшысы А.Асқаров, облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасы Ж.Шәймерденов.
Суреттер музей қорында сақтаулы.

Құралбай Сыздықовтың орден, медальдары мен алғыс хаттарын музейге жұбайы Ақшакүл апа тапсырды.

Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейінің
қор сақтаушысы Алимжанова Мадина Әбдіғаппарқызы.

Жүрсін ЕРМАН «ШОҚТЫҒЫ БИІК АЙТУЛЫ АҚЫН»

Алдыңғы

АҚЫНЫН АРДАҚТАУДА ЕЛІ БҮГІН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *