ӘлеуметҚоғам

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ — 60 ЖАС: ШЫМКЕНТ ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ШУАҚТЫ МЕРЕЙТОЙ

«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент Жол-көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы, білім мен тәрбие жолына бар ғұмырын арнаған ардақты жан Аймишев Қайратбек Егембердіұлы үшін ерекше белес, айтулы күн. Өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге арнаған ұлағатты ұстаз 60 жас мерейтойын қарсы алып отыр.
Ұстаздық – үлкен жауапкершілікті, сабырлылық пен кәсіби біліктілікті талап ететін абыройлы мамандық. Осы жолда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Қайратбек Егембердіұлы шәкірттеріне тек мамандықтың қыр-сырын үйретіп қана қоймай, еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіпті сақтау, өз ісіне адал болу сияқты маңызды өмірлік қағидаларды да бойына сіңіріп келеді. Арнайы пән оқытушысы ретінде оның тәжірибесі мен білімі колледж студенттері үшін үлкен мектеп.
Оқу ордасында қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастық та мерейтой иесінің еңбегінің маңызды нәтижелерінің бірі. Кәсіби білім беру саласында жас мамандарды даярлау – ел экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін бағыт. Осы ретте көлік саласына қажетті білікті кадрларды даярлауға өз үлесін қосып жүрген тәжірибелі ұстаздың еңбегі ерекше маңызға ие.
Осы бір қуанышты сәтте мерейтой иесін Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев арнайы барып құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Кәсіподақ ұйымының басшысы Қайратбек Егембердіұлының көп жылғы адал еңбегін, саланың дамуына қосқан сүбелі үлесі мен ұстаздық жолдағы табандылығын жоғары бағалап, арнайы адресат пен Алғыс хат табыстады. Бұл марапат — ерен еңбек пен қажырлы қызметтің лайықты бағасы және бүкіл ұжым мен шәкірттердің ұстазға деген шексіз алғысының көрінісі.
Алпыстың асуына абыроймен жеткен Қайратбек Егембердіұлы талай жастың кәсіби маман атанып, өмірден өз жолын табуына септігін тигізді. Оның сабақтарындағы өмірлік тәжірибе мен кәсіби шеберлік жас буынның жүрегіне жол тауып, мамандыққа деген сүйіспеншілігін оятты.
Ұстаз еңбегінің ең үлкен бағасы – шәкірттерінің жетістігі. Жылдар өте келе әр салада еңбек етіп жүрген шәкірттерінің кәсіби жолы ұстаз үшін үлкен мақтаныш. Олардың алған білімі мен қалыптасқан еңбек дағдылары Қайратбек Егембердіұлының педагогикалық еңбегінің нәтижесін көрсетеді. Мұндай азаматтардың тәжірибесі жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, білім беру ұйымдарындағы кәсіби дәстүрдің жалғасуына мүмкіндік береді.
Мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына береке, ұзақ ғұмыр тілейміз. Шәкірттерінің құрметіне бөленіп, абырой биігінен көріне беруіне тілектеспіз!

МАҢДАЙ ТЕРМЕН ӨРЕЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ: Еңбек пен ерлікке толы шежіре

Алдыңғы

НАМ ЕСТЬ НА КОГО РАВНЯТЬСЯ: МАСТЕР СЦЕНЫ И ЧЕЛОВЕК С БОЛЬШОЙ БУКВЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *