Жаңалықтар

1 қазаннан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы 1 қазаннан бастап кезекші кесте бойынша Қаратау ауданы, Байдібек би даңғылы, 362/7 және Еңбекші ауданы, Байтереков көшесі, 89 мекенжайларында орналасқан ХҚКО-лар жұмыс істейтінін хабарлайды.

Бұл ретте Абай және Әл-Фараби аудандарындағы Мәделі Қожа көшесі, 1Г және Жангелдин көшесі, 13А мекенжайларында орналасқан ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді. Олар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады: МХҚКО №1 — Достық шағынауданы, 2343/1, және МХҚКО №2 — Асар-2 шағынауданы, 12Б. Олар дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні — сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — 13:00-ге дейін.

ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНДЕКСТЕ 8 САТЫҒА КӨТЕРІЛІП, СОҢҒЫ ОН ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК НӘТИЖЕМЕН ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТУДА

Алдыңғы

Шымкентте «Қаржы сақшысы» атты республикалық интеллектуалды ойыны өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *