Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкентте табиғи монополиялар субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауына бақылау күшейтіліп, реттелетін қызметтердің белгіленген тәртіппен көрсетілуіне және тарифтік реттеу талаптарының орындалуына назар аударылуда. 2026 жылдың сегіз айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті осы бағытта бірқатар бақылау шараларын жүргізді.
Есепті кезеңде Департамент тарапынан екі жоспардан тыс тексеру өткізілді. Нәтижесінде екі нұсқама беріліп, олардың екеуі де толық орындалды. Тексеру барысында табиғи монополия субъектілерінің бекітілген тариф бойынша реттелетін қызметтерді ұсынуы және тарифке қызмет көрсетуге қатысы жоқ шығындардың енгізілуіне жол бермеу талаптарының сақталуы қаралды.
Сонымен қатар есепті кезеңде табиғи монополия субъектілеріне қатысты 436 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Департамент 11 сот процесіне қатысты. Оның ішінде тоғыз іс Департаменттің пайдасына шешілсе, екі іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында да жұмыстар жүргізілуде. Департамент заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге төрт мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2026 жылдың басынан бері осы бағытта төрт қызмет көрсетіліп, оның үшеуі қанағаттандырылды. Бір жағдайда қажетті құжаттардың толық ұсынылмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бақылау және құқық қолдану шаралары табиғи монополиялар субъектілерінің заң талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге, тарифтік реттеудің ашықтығын арттыруға және тұтынушыларға көрсетілетін реттелетін қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкес болуына бағытталған.
Толығырақ: https://youtube.com/live/zouaLVgk1vg?feature=share
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова

Алдыңғы

Шымкентте үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға 142 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *