Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Бүгін Шымкентте 40 тұрғын мен олардың отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Жаңа қоныстанушылардың қатарында ұзақ уақыт бойы баспана кезегінде тұрған азаматтар бар. Олардың арасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар бар.

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Тілеубаевтың айтуынша, тұрғындарға «Асар-2» шағынауданындағы жаңа үйлерден пәтер берілді. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның жеңілдетілген несиелік бағдарламалары аясында рәсімделген.

Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

№210 мектепте жаңа оқу жылы Алғашқы қоңырау үнімен басталды

Алдыңғы

В ШЫМКЕНТЕ ЕЩЕ 40 СЕМЕЙ ПОЛУЧИЛИ КЛЮЧИ ОТ НОВЫХ КВАРТИР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *