Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында «Үкіметтік шахмат кубогы – 2026» турнирі басталды.
Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтіп жатқан зияткерлік сайысқа қаладағы мемлекеттік қызметшілер қатысып, шахматтан өзара бақ сынауда.
Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында шахматты кеңінен насихаттау, стратегиялық және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өткізіліп, қатысушылар классикалық шахмат және блиц бойынша сынға түседі. Сайыс қорытындысында жеке жеңімпаздар анықталып, республикалық кезеңге қатысатын қала құрамасы жасақталады.
Айта кетейік, Шымкент соңғы жылдары шахматты дамыту бағытындағы ірі жарыстардың алаңына айналып келеді. Биыл қалада халықаралық және республикалық деңгейдегі бірқатар шахмат турнирлері ұйымдастырылды.

Жастардың белсенділігі – ел дамуының маңызды факторы

Алдыңғы

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛ ШАХМАТНЫЙ ТУРНИР СРЕДИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *