Аймақ

«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның жаңалықтары

2026 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңға қол қойды. Жаңа заң мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібін жеңілдетіп, қызметшілердің еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтеді.

Енді мемлекеттік қызметке кірудің үш жолы бар: жалпы конкурс, заңда белгіленген жағдайларда конкурстан тыс тағайындау және келісімшартпен жұмысқа орналасу.

Конкурсқа қатысу да жеңілдетіледі. Үміткерлер e-Qyzmet жүйесі арқылы онлайн өтініш бере алады. GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары жоғары оқу орнының түлектері ауылдық және аудандық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз орналаса алады.

Уақытша бос лауазымдарға бір жылға келісімшартпен жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Бұл азаматтарға мемлекеттік қызметте тәжірибе жинап, осы саланың өзіне қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға жағдай жасайды. Бұл кезең мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне есептеледі.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы кемінде үш жылда бір рет арттырылады. Қызмет бабымен басқа елді мекенге ауысқан қызметшілерге тұрғын үй төлемдері мен жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қолжетімділік беріледі.

Осы өзгерістердің барлығы мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетіп, қызметшілердің құқықтарын қорғауға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа заң кәсіби, ашық және халыққа бағдарланған мемлекеттік қызмет қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

Алдыңғы

Шымкентте комплаенс қызметкерлері тәжірибе алмасуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *