Аймақ

Белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы өз таңдауын жасады

Шымкенттің Тұран ауданында орналасқан №11 сайлау учаскесі таңғы сағаттан бастап өз азаматтық борышын орындауға келген тұрғындарды қабылдауда. Учаске Опера және балет театрының ғимаратында орналасқан.
Мұнда тыныш әрі іскерлікпен қатар, мерекелік көңіл күй де байқалады. Тұрғындар отбасымен де, жеке де келіп, өздерінің конституциялық сайлау құқығын пайдалануда. №11 сайлау учаскесінің төрайымы Сабира Дәулеталиеваның айтуынша, учаскеде барлығы 2250 сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бері 160-тан астам адам дауыс беріп үлгерген.
Сайлауға Опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызының қатысуы да назар аудартты. Ол елімізде өтіп жатқан Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының маңызын атап өтті.
«Құрылтай – азаматтардың пікірлері ашық айтылып, өзекті мәселелер көтеріліп, Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған ұсыныстар қалыптасатын маңызды пікірталас алаңы», – деді Майра Мұхамедқызы.
Оның айтуынша, мұндай қоғамдық үдерістерге қатысу – әр азаматтың құқығы ғана емес, қоғам мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі.
Сайлау комиссиясының жұмысы белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылған. Учаскеде азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға қажетті жағдай жасалған. Тұрғындардың дауыс беруге деген белсенділігі біртіндеп артып келеді.

ШЫМКЕНТТЕ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Алдыңғы

Директора театра, заслуженная артистка Казахстана Майры Мухамедкызы сделала свой выбор

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *