Басты ақпарат

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН МЕДИА ФЕСТИВАЛІ: ALMATY AI MEDIA FEST-2026

Түркітілдес журналистер қоры 2026 жылдың 24-26 шілдесінде Almaty AI Media Fest-2026 Жасанды интеллект пен медиа фестивалін ұйымдастырады. Аталған шараға Қазақстандағы 1-11 сынып оқушылары қатысады.

Алматы қаласында 3 күнге созылатын Фестивальдің алғашқы күні қатысушылар Алатау баурайындағы сұлу шаһардың Көктөбе, Медеу, Шымбұлақ, Орталық музей, Тәуелсіздік алаңы, 28 Панфиловшылар бағы сияқты көрнекі жерлерімен танысады.

Жасанды интеллект пен медиаға арналатын 2-күні оқушылар дәстүрлі журналистика, жаңа медиа мен әлеуметтік желілердегі жаңа үдерістер мен мүмкіндіктеріне арналған шеберлік сабақтарына қатысады. Медиа тренерлер — елімізге танымал журналистер, БАҚ басшылары, ІТ мамандар, журналистика факультетінің оқытушылары, әлеуметтік пікірді қалыптастыруға ықпал ететін Қоғам қайраткерлері т.б.

Шараның 3-күні қатысушылар арасында өткен байқаудың жеңімпаздары анықталып, Almaty AI Media Fest-2026 Алматы Жасанды интеллект пен медиа фестивалі салтанатты түрде қорытындыланады.

Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists

Екінші мүмкіндік, бірақ жазасыздық емес – ІІМ амнистия-2026 туралы

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *