ӘлеуметБілімЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАДЫ

Сауран ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне қарасты Нұртас Оңдасынов елді мекенінде күрделі жөндеуден өткен Амангелді жалпы білім беретін мектепке барды.
Аталған білім ордасы толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа оқу жылын жайлы әрі заманауи жағдайда бастады.
Салтанатты жиында аудан әкімі ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сауран ауданындағы білім саласы
Қазіргі таңда аудан бойынша 62 мектепте 24 964 оқушы білім алуда. Оның ішінде 44 мемлекеттік, 18 жекеменшік мектеп бар. 2025 жылы 1579 түлек 11-сыныпты аяқтап, олардың 104-і «Алтын белгі», 131-і «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ-ға 1427 оқушы қатысып, ауданның орташа балы 78-ді құрады. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіші 60,3%-ға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артты. Биыл ауданда 2260 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтқанда, С.Қожанов атындағы жаңа мектеп пайдалануға берілсе, алдағы уақытта Аша елді мекеніндегі жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, Абай ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ Майдантал және Құмтүйін елді мекендерінде жаңа мектеп пен 300 орындық «Оқушылар сарайын» салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Ал биылғы жылы Ж.Тәшенов атындағы мектепке 713,7 млн теңге, Молда Мұса атындағы мектепке 836,5 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан көлемінде білім саласына бағытталған жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер бой көтеруде. Бұл игі бастамалар сапалы білім берудің негізгі кепілі болмақ.

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *