Басты ақпаратЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЛОГ-ТУР ӨТТІ

Шымкент қаласының туристік тартымдылығын арттыратын кезекті ақпараттық блог-тур ұйымдастырылды. Дәстүрлі іс- шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Үндістан мемлекеттерінен және еліміздің әр өңірінен келген 30-ға жуық танымал travel-блогер қатысты.
Үш күнге созылған тур барысында қатысушылар тарихи-мәдени нысандарды аралап, мегаполистің заманауи келбетімен және бай рухани мұрасымен танысты. Делегация мүшелері Сайрам тұрғын алабындағы көне кесенелерді, «Shym-Qala» тарихи-мәдени кешенін, Тәуелсіздік саябағы мен Ордабасы алаңын, Қошқар ата өзенінің жағасын және «Қылует» этнографиялық музейін аралады.
Сондай-ақ блогерлер Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайда, Абай саябағында, Бейсбековтер отбасының «Алтын Орда» галереясында және Сейітжан қари Есжанұлы мешітінде болды. «Бәйдібек би» монументі, дендрологиялық саябақ және Шымкент зообағы да тур бағдарламасына енгізілді.
Үшінші күні қатысушылар Қазығұрт тауының етегіндегі киелі «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» мекеніне барды. Тур табиғаты көркем «Alma-Tau» демалыс аймағында жалғасты.
Шымкенттің халықаралық аренадағы туристік беделін нығайтатын маңызды саяхат туризмді дамытып, мәдени ынтымақтастықты арттыруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Алдыңғы

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ – САПАЛЫ ӨМІР МЕН ДАМЫҒАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҮЛГІСІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *