✔️Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда Түркістан облысы мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті.
✔️Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ісінумен, гиперспленизм синдромымен асқынып, науқастың жағдайын қиындата түсті. Ұзақ уақыт жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жағдайы нашарлап, оған бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болды.
✔️Донор ретінде науқастың 19 жастағы қызы Сахавитдинова Эльвира жан-жақты медициналық тексеруден өтті.
✔️Бауыр трансплантациясы Түркістан облыстық клиникасының базасында ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мен академик Б. Баймахановтың жетекшілігімен өткізілді. Бұл операция шеңберінде В.Мутагиров, М. Жұмабекова (анестезиологтар), М. Досханов, С. Тілеуов, Ж.Оспан (хирургтар) және облыстық клиникалық аурухананың мамандары белсенді жұмыс атқарды.
✔️Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең ауыр асқынуларсыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.
✔️Бұл операция аймақ тарихындағы алғашқы бауыр трансплантациясы болды және Түркістан облысында трансплантология саласының дамуына жаңа мүмкіндік ашты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВПЕРВЫЕ ПРОВЕДЕНА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ПЕЧЕНИ
✔️ Трансплантация печени – одна из самых сложных операций в современной хирургии. Однако благодаря высокой квалификации специалистов Туркестанской области и их слаженной работе первая операция по пересадке печени в регионе прошла успешно.
✔️ Пациентка – 48-летняя Ульяна Нурметова. С 2019 года находилась под наблюдением гастроэнтеролога, была диагностирована вирусная этиология цирроза печени класса B (по классификации Child-Turcotte-Pugh). Несмотря на амбулаторное и стационарное лечение, заболевание осложнилось портальной гипертензией, отеками и гиперспленическим синдромом, что значительно ухудшило состояние больной. Единственным шансом на спасение стала трансплантация печени.
✔️ Донором стала 19-летняя дочь пациентки – Эльвира Сахавитдинова, успешно прошедшая всестороннее медицинское обследование.
✔️ Операция была проведена на базе Туркестанской областной клиники под руководством академика Б. Баймаханова и специалистов Национального научного центра хирургии. В команде врачей работали анестезиологи В. Мутагиров и М. Жумабекова, хирурги М. Досханов, С. Тилеуов, Ж. Оспан, а также другие специалисты областной клинической больницы.
✔️Послеоперационный период проходит без тяжелых осложнений, функция пересаженного органа постепенно стабилизируется.
✔️Это первая трансплантация печени в истории Туркестанской области, которая открывает новые возможности для развития трансплантологии в регионе.
Comments