Сұрақ:
— Қайырлы күн, Айдын Амангелдіұлы! Бизнесті бастау, әсіресе жаңа кәсіпкерлер үшін, әрқашан қызық әрі қиын процесс болып табылады. Осы орайда, өзіңіз қызмет еткен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасында сіздің бизнеске қатысты кеңестеріңіз көп болғаны белгілі. Бүгінгі сұхбатымыздың басты тақырыбы – «Бизнесті неден бастау керек жәнетқандай алғашқы қадамдардан бастау керек?»
Айдын Амангелдіұлы:
— Қайырлы күн! Бизнесті бастау өте маңызды шешім, бірақ бұл сала ол өте мұқяттылықты талап етеді. Әсіресе жаңадан бастаушылар үшін. Алғашқы қадамдарды дұрыс жасау үшін, ең алдымен өзіңізді кәсібіңізге бейімдеп, нарықты зерттеп, нақты жоспар құру қажет. Біз әрқашан клиенттердің қажеттіліктерін түсінуді, нарықта бәсекелестікке қабілетті болуды, және идеяның өзектілігін бағалауды кеңес береміз.
Сұрақ:
— Кәсіпкерлікке қадам басқан адам неге нарықты зерттеуді ең бірінші орынға қоюы керек? Неге осы кезеңді өткізіп кетпеу маңызды?
Айдын Амангелдіұлы:
— Нарықтық зерттеу – бұл сіздің идеяңыздың қаншалықты сұранысқа ие екенін және басқа бәсекелестермен салыстырғанда қандай артықшылықтарыңыз бар екенін түсінуге көмектеседі. Бұл сізге нарықта қандай өнімдер мен қызметтердің болатынын, тұтынушылардың қандай қажеттіліктерін қанағаттандыру керектігін, қандай бағамен өнім ұсыну тиімді болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Егер сіз бұл зерттеуді өткізіп жіберсеңіз, нарықтан бизнесіңізге орнығу қиын болатынын ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, бәсекелестердің стратегиясын, мақсатты аудиторияны зерттеу бизнесті тиімді түрде жүргізуге септігін тигізеді.
Сұрақ:
— Ал, қандай стратегиялармен жаңа бастаушы кәсіпкер бизнесін дамыта алады?
Айдын Амангелдіұлы:
— Кәсіпкерлік стратегия әр кәсіптің өзіне тән болуы керек. Бірақ барлығына ортақ бірегей кеңес бар: дұрыс мақсат қою және осы мақсатқа жету үшін нақты қадамдар жасау керек. Бизнесті бастау кезінде алғашқы уақытта мүмкіндігінше аз шығынмен бастауға болады, бірақ одан кейінгі кезеңде инвестиция мен нарыққа шығу үшін дұрыс стратегияларды таңдау қажет. Даму үшін маркетингке және инновацияға көңіл бөлу, тұтынушылармен тұрақты қарым-қатынас орнату – бұл өте маңызды.
Сұрақ:
— Кәсіп бастауға дайын адамдарға қандай кеңес берер едіңіз? Бизнесті бастау үшін қандай да бір жеке қасиеттер маңызды ма?
Айдын Амангелдіұлы:
— Бизнесті бастау үшін адамның ерекше қасиеттері болуы маңызды. Олар: табандылық, шыдамдылық, өзгерістерге икемді болу және ең бастысы, өз ісіне деген сенімділік. Әрине, кәсіпкерлік – бұл тек жақсы идеямен шектелмейді. Егер сіз бойыңызда осы қасиеттер бар деп есептесіңіз нарықта өз орныңызды табуға үлкен мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар қателіктер де – бұл жолдың бір бөлігі екенін ұмытпау керек. Ең маңыздысы, қателіктерден сабақ алып, оны алға жылжыту кезінде де қолдана білу.
СҰРАҚ:
— Айдын Амангелдіұлы, бүгінгі бізге берген кеңестеріңіз бізге өте пайдалы болды. Кәсіпкерлікке бағытталған осы сұхбат үшін алғыс айтамыз. Оқырмандарға бір ауыз кеңес беріп кетсеңіз?
Айдын Амангелдіұлы:
— Сіздерге де рахмет! Кәсіпкерлікке қадам басатын әрбір адамға айтарым: Әрдайым жаңалыққа ашық болыңыздар, нарықтың талабына бейімделіңіздер және ең бастысы – әр қадамыңызды жоспарлы түрде жасаңыздар. Сәттілік сіздермен болсын!
PS: Бүгінгі сұхбатымызда Айдын Амангелдіұлы кәсіпкерлік жолындағы қадамдар мен кеңестер туралы өте пайдалы пікірлерімен бөлісті. Бизнесті бастау – үлкен қадам, бірақ дұрыс жоспар мен мақсат қою арқылы табысты болуға болатынын ұмытпағайсыздар.
Бүгінгі әңгімелесушіміз — Бизнес — тренер, маркетолог Астаубаев Айдын Амангелдіұлы.
Қобланды АБЕНОВ
Comments