Жаңалықтар

ФОРУМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

«TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбында өтіп жатқан форумға «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті, Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (WFPA) президенті Нәзия Жоямергенқызы, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлұ, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, «Түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті БАҚ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Нұрбибі Жекен, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков сөз сөйледі.
Сонымен қатар шараға арнайы келген шетелдік қонақтардың арасында Өзбекстандағы «Халык сузи» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усманов, Ұлыбританиядағы «Avrupa Media Holding» президенті Ватан Өз,Германиядағы Öztürk газетінің бас редакторы Аднан Озтурк, Түркиядан «Еуразиялық мәдениет және спорт ынтымақтастығы» қорының президенті Ахмет Түзүн бар.
Іс-шараға арнайы шақырылған мәртебелі меймандар «IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы – әлемнің түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері жиналып, маңызды мәселелер мен болашақ стратегиялар жайлы кеңесетін тамаша мүмкіндік» екеніне ерекше тоқталды. Өтйкені медиа форумда талқыға салынатын тақырыптар туризм саласындағы ортақ жобалар, дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиаға ықпалы, геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі медиа нарыққа әсері, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жолдары секілді өзекті мәселелерге арналып отырды.

Түркі мемлекеттеріндегі PR және маркетинг құралдарын тиімді пайдалану арқылы туризм секторының дамуына ықпал ету туралы қаузалған маңызды бөлімде медиа және туризм мамандары мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау, туристік маркетинг саласындағы мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру, жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға тоқталды. Сондай-ақ түркі әлемінде туризмді дамытудың бірлескен стратегиясын әзірлеу мен туристік маркетинг саласындағы мамандар арасында байланыс желісін құруға айырықша ден қою туралы ойларымен бөлісті.
Қатысушылар тәжірибелі мамандардан түркі елдеріндегі туризм секторының әлеуеті туралы ақпараттандыруды күшейту мен инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар тартудың жолдарынан құлағдар болды.
Баяндамашылар қос салада да стандарттау және сапаға мұқият болу туралы айтты.Туризмдегі пиар саласындағы ортақ стандарттар. Әмбебап PR стратегияларын әртүрлі түркі мәдениеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендіріп бейімдеудегі қиындықтар. Туристік өнімді жасау және оларды танытуда мәдени нюанстарға дұрыс көңіл бөлмеу. Түркі елдеріне қатысты стереотиптер мен жаңсақ пікірлердің туризм мен пиарға кері әсері жайындағы ой-пікірлерін ортаға тастады.

Форумда сөз алған сарапшылар жиналғандарға әлеуметтік желілер мен инфлюенсер-маркетинг жайында да хабардар етті. Туристік дестинацияларды жарнамалауда әлеуметтік желілерді пайдалану. Шынайы контент қалыптастыруда блогерлер мен қоғам қайраткерлерімен ынтымақтастық орнатудың қыр-сырларына де кеңінен сөз болды.
Сонымен бірге «Туризм — дипломатия құралы» тақырыбы төңірегіндегі айтылған мәліметтер қатысушылардың қызығушылығын тудырды.Бұл орайда баяндамашылар түркі әлемі елдері арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды туризм арқылы нығайту. Түркі елдерінің қонақжай және қауіпсіз туристік бағыттар ретіндегі имиджін насихаттауға ден қойып отыр. Өзбекстандағы «Халык сузи» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усмановтың сөзінше, Өзбекстандағы туризм индустриясының дамуы халықтың әл-ауқатының артуына септігін тигізіп келеді. Мәселен, бұл ел шетелдік туристер саны бойынша пандемияға дейінгі көрсеткіштің 98 пайызына жетіп отыр.

БАҚ өкілдері «Заречное» кенішіне барды

Алдыңғы

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы жалғасын табуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *