Turkistan hub-тың ұйымдастыруымен ІТ және «Болашақ» бағдарламасындағы ағылшын тілінің маңыздылығы туралы workshop өтті. Аталмыш іс-шараға оннан астам жас қатысып, онда «Болашақ» бағдарламасының түлегі Марат Айнабеков спикер болды. Ол Бирмингем университетіндегі тәжірибесімен бөлісіп, IELTS 7.0 деңгейіне қалай жеткені туралы айтты. Сондай-ақ ІТ мамандары үшін сыни ойлаудың артықшылықтарына тоқталды.
– Шетелде оқитын студенттерге лекция ағылшын тілінде өтетіндіктен IELTS-тен жоғары балл жинаудың артықшылығы көп. Себебі, ағылшын тілін жоғары меңгерген студенттер сабақты да жақсы түсіне алады. Бұл көптеген мүмкіндіктердің ашылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар ол жақтағы ақпараттардың бір өзгешелігі – нақтылықты қажет етеді. Яғни, айтылған сөз дәлелдемелермен түсіндірілуі тиіс. Ақпаратты тарату алдында оның шындыққа жанасатындығын көрсететін фактілер болуы қажет, – деді спикер.
Айта кетейік, Марат Фаритұлы қазіргі таңда Түркістан облыстық цифрландыру, мелекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы болып қызмет атқарады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Comments