Жаңалықтар

Бөлімшелердің жауынгерлік атыстары жалғасуда

 Шымкент гарнизоны механикаландырылған бригадасының «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық барысы қарқынды өтуде. Бөлімшелердің, экипаждардың және есептоптардың үйлесу процесі аяқталғаннан кейін бөлімшелер штаттық қару-жарақтан шынайы ұрыс жағдайына келтірілген жауынгерлік оқ ату тапсырмаларын орындауда.

Жеке құрамның күндіз және түнде жауынгерлік ахуалдың күрделі жағдайларында жеке және топтық құрамда қаруды қолдана білуін тексеру, командирлердің кенеттен туындаған жағдайларда дұрыс шешім қабылдауын, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы белсенді және үйлесімді іс-қимылдар жүргізу – сабақтың маңызды мақсаты болып табылады.

Сабақтар бөлімшеге жүктелген тапсырмаларды ескере отырып, күндізгі және түнгі уақытта шабуылдауда, қорғаныс пен арнайы әскери іс-қимылдарда «қарапайымнан күрделіге» қағидаты негізінде ұйымдастырылды. Жеке құрамның бірлік ретінде әрекет ету қабілеті, бір-бірін ишарамен түсіну – дайындық деңгейінің басты көрсеткіші.

-Жеке құрам теориялық тұрғыда алған білімдерін іс жүзінде көрсетеді. Ал, командирлер құрамы жауынгерлік атыстар мен бөлімшелердің ұрыстағы іс-қимылын басқаруға қажетті тәжірибе алады. Жауынгерлік атыстардың сапалы өткізілуі үшін атыс алаңдары мен оқу-материалдық базалары толықтай жарақтандырылды. Шартты қарсылас имитациялық құралдармен белгіленіп, қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды. Жауынгерлік атыстың қорытындысы бойынша бөлімшелердің тактикалық іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді, — дейді бригада сержантының нұсқаушысы Ербол Мамыров.

Жауынгерлік жоспарға сай өтетін осындай жауынгерлік атыстар бөлім жеке құрамының тәжірибелік білімдерінің дамуына көмегін берері анық.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

 

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 

Алдыңғы

Түркістан облысында вейп өнімдерін сатумен айналысқан ағайындылардан 327 дана вейп анықталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *