Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті»

Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы ең қауіпті құбылыстардың бірі болып табылады. ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлықбұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бірмемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяситәртіп қорғалған емес». Сыбайлас жемқорлықтымемлекет пен қоғам үшін келтіретін экономикалықзалал ретінде бағалау қабылданған. Ол тек қанаэкономика мен әлеуметтік қатынастарға, қоғамныңқұндылықтық және моральдық-адамгершілікнегізіне зиян келтіріп қана қоймайды, соныменбірге мемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуінежәне елімізде жүргізіліп жатқан тұрақтылық жәнеқауіпсіздік саясатына да әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттіңбәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзегеасыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделінекөлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамдық демократиялық негізінедеген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызаттүсіретіні болып отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптегенәдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып жәнеоның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылыжазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымдыадамдарға ережелер мен заңдарды бұзбайөздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретінэкономикалық механизмдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, соларқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтималпайданының көлемін азайту.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізужекеадамдардың немесе жекелеген топтың ғана емесмемлекеттік органдардың, мемлекеттікоргандардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттікбағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпеніске асырылуы тиіс. Осыны шынайы орындау үшінәрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайымхалықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіздамуына үлес қосқан болар еді.

Ордабасы аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы А.Рахимова

«Қоғамның жегі құрты – сыбайлас жемқорлық!»

Алдыңғы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *