Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров мәлімдеді.

«Ішкі істер министрінің бұйрығымен биыл 20-30 маусым күндері Республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осы ретте Түркістан облысында өткізіліп жатқан профилактикалық шарада ауыр және аса ауыр қылмыстардың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс көлемінде 38 қылмыстық құқық бұзушылық тілкелді. Оның ішінде 31 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды. Сондай-ақ, барлығы 659 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, профилактикалық есепте тұратын 1 065 азамат мекен-жайы бойынша тексерілді. Профилактика барысында түнгі уақытта жүрген 68 жасөспірім анықталып, әкімшілдік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көлікті мас халде басқарған 5 жүргізуші анықталып, сот органдарына жолданды. Одан бөлек, автокөлікті қарама-қарсы бағытта басқарған 6 жүргізуші анықталып, құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Шара аясында қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкен және ластаған азаматтар да жауапкершілікке тартылды»,- деді Ерлан Ержігітұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАНДА «ҚЫЗ-ЖІБЕК» ОПЕРАСЫН САХНАЛАНАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ФЕСТИВАЛЬ БАСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *