Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ

Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ауылдағы бір күнім» атты шара өтті. Аталған жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа аудандағы барлық ауылдық округтерден жиналған 100-ге жуық жастар қатысты. Олар топ-топқа бөлініп, арқан тарту, садақ ату, қой көтеру, ләңгі тебуден өзара бақ сынасты. Шара барысында жігіттерге арнайы қой сойылып, жіліктеу үйретілсе, қыздар үшін сиыр сауып, ұлттық тағамдарды дайындау сәті тартысты өтті.

Айта кетсек, сайыс — ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін кеңінен дәріптеу және жастардың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында ұйымдастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

САУРАН АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ТОЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *