Жаңалықтар

Әскери қызметшілер Жаңаталап тұрғындарына көмекке келді

Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік бөлімшесінің әскери қызметшілері Бадам өзені арқылы уақытша көпір салды.

Жаңаталап тұрғын алабын қаламен байланыстыратын көпір жарамсыз болып қалуына байланысты, осы ауданның алты мыңнан астам тұрғыны Шымкенттен бөлініп қалды.

Уақытша көпірді орнату үшін әскери инженерлер КрАЗ-255Б көлігінің негізінде ТММ-3 көпір төсегішін қолданды. Уақытша орнатылған көпір ұзындығы 10,5 метр, ал жүк көтергіштігі 60 тонна қамтыд.

— Көпірдің шөгуі туралы хабарлама алғаннан кейін бізге қалалық ТЖД-дан қысқа мерзімде автомобиль көлігімен өтуге болатын уақытша өткелді ұйымдастыру туралы сұраныс түсті. Біз 15 инженерден тұратын жиынтық жасақ құрап, сол жерге барып, кешке қарай темір көпір орнатуды аяқтадық. Осылайша жеңіл көліктер мен жаяу жүрушілерге арналған орын жабдықтадық, — деп бөлісті 35748 әскери бөлімінің инженерлік қызметінің бастығы майор Ерік Райымов.

Айта кетсек, ТММ-3 мақсаты бойынша ұзындығы 40 метрге дейін және тереңдігі 3 метрге дейінгі кедергілерден өтетін көпір өткелдерін орнатуға жарамды, олар арқылы салмағы 60 тоннаға дейінгі доңғалақты және шынжыр табанды техниканы өткізуге болады. Көпір жиынтығы тіректері бар көпір блоктарын алып жүретін КрАЗ-255Б жүк көлігінің шассиіндегі төрт көпір төсегіштен тұрады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

“Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі”

Алдыңғы

Успешный пример эко-предпринимательства в Жетісу

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *