Көктемгі шақыру науқаны жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына әскери қызмет өткеру үшін 30 әскерге шақырылушы келді.
Саптық алаңда әскерге шақырылушыларды бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Дәулетбек Қоғабаев қарсы алды. Ол жас жауынгерлерді армиядағы алғашқы күнімен құттықтап, кіші командирлердің басшылығымен алдағы 12 айда олар әскери істі игеріп, ата-аналары мақтанышы болатынын атап өтті. Сондай-ақ Дәулетбек Андреевич әскерге шақырылушыларға қызмет өткеретін бөлімнің тарихы туралы айтып, оларды жас толықм жиыны әкімшілігімен таныстырды.
— Мұнда сіз байланыс бөлімшесінің радиотелеграфисті, командалық пункттің планшетшісі, радиолокациялық станция операторы сияқты әскери мамандықтарды игересіздер. Барлығыңыз біздің бригада құрамында Отан алдындағы әскери борышты абыроймен орындайды деп үміттенемін. Алдыңғы буын сарбаздар, жауынгерлік дайындық бағдарламасында керемет нәтижелерге қол жеткізді. Олардың барлығы естелік сыйлықтармен, грамоталармен және ата-аналарына алғыс хаттармен марапатталды. Сіздерді де сондай нәтиже көрсетуге тырысады деп үміттенемін, — деп атап өтті бригада командирінің міндетін атқарушы подполковник Дәулетбек Қоғабаев. Бөлім басшылығымен танысудан соғ, сарбаздар казармалық үй-жайға барып, сол жерде жасалған жағдайлармен танысты, ал жиын басшылығы жас жауынгерлерге жаңадан алған әскери киімдерін ретке келтіруге көмектесті.
Жас толым алдағы төрт апта ішінде алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді. Осы уақыт ішінде олар саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпы әскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігі негіздері бойынша бастапқы білім алады.
Оқу курсы атыс қаруынан оқ ату жаттығуларын орындау үшін далалық оқу-полигонына шығумен аяқталады.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Comments